Алматыда балаларға вакцинация құжаты беріле бастады

0
360

Бүгінде Алматының 12-17 жастағы 1 700-ге жуық жасөспірімі вакцинаның бірінші компонентін алған.


Алматыда балаларға вакцинация құжаты беріле бастады

ERNUR.KZ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында С. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жастар саясаты басқармасының басшысы Елнұр Асқаров хабарлады, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, бүгінде Алматының 12-17 жастағы 1 700-ге жуық жасөспірімі вакцинаның бірінші компонентін алған.

Енді олар вакцинацияның электрондық паспортын eGov-mobile мобильді қосымшасынан жүктей алады.

Біз бір жарым жылға созылған шектеулерді есімізде жақсы сақтаймыз. Бұл жаңа оқу жылы вакцинацияның арқасында күндізгі форматта басталды. Егер біз санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді сақтауды жалғастыратын болсақ, егер жасөспірімдер вакцинацияланатын болса, біздің қала мен еліміз эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауынан құтыла алады, - деп атап өтті Елнұр Асқаров.

Қазіргі уақытта мегаполистегі болашақ дәрігерлерді дайындайтын оқу ордасында 1 599 кәмелетке толмаған жасөспірімдер бар.

Олардың барлығы ұжымдық иммунитетті нығайту үшін вакцинациялауға дайын. Сонымен қатар, ЖОО-ның оқытушылар құрамының 100% вакциналанды. Бізде АМСК клиникасы бар. Кеше біз 18 жасқа толмаған вакциналанбаған студенттердің тізімін, ата-аналардың рұқсаттарын жинадық және екпе жасай бастадық, - деп отыр басқарма басшысы.