Алматыда басына оқ тиген ер адамның денесі табылды

0
369

Әлеуметтік желілерде шағын аудандағы үйлердің бірінде түнімен тергеушілер мен сарапшылар жұмыс істегендігі айтылған.


Алматыда басына оқ тиген ер адамның денесі табылды

ERNUR.KZ. Мәйіт Нұрлытау шағын ауданындағы көліктердің бірінде болған, деп жазады baq.kz.

Әлеуметтік желілерде шағын аудандағы үйлердің бірінде түнімен тергеушілер мен сарапшылар жұмыс істегендігі айтылған.

Аталған жайтқа қатысты Алматы қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі жауап берді.

Өзін-өзі өлтіруге итермелеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр, - деді Алматы қаласы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.