Жантүршігерлік оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады.
ERNUR.KZ. Алматыда белгісіз ер адам әйелге жұдырық жұмсады. Қатты соққыдан келіншек шалқасынан құлаған, деп жазады stan.kz.
Жантүршігерлік оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желіде тарады. Видеода белгісіз ер адамның әйелді бір ұрып құлатқанын байқайсыз.
Көп ұзамай бұл жағдайдың қаладағы Абай және Саин даңғылдарының қиылысындағы жеміс-жидек лашығы маңында болғаны анықталды. Жәбірленуші полицияға арызданған.
Келіншек өз шағымында өзін 1992 жылы туған бейтаныс адамның себепсіз ұрғанын көрсеткен. Аталған жайт қылмыстық коедкстің 107 бабы 2 бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тіргеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жәбірленушінің алған дене жарақатының ауырлығын анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды, – делінген полиция ақпаратында.
Тергеу жұмыстарын Әуезов аудандық полиция басқармасы жүргізуде.