Алматыда бір топ адам ТЖО қызметкерлерін ұрып кеткен (видео)

0
586

Алматыдағы техникалық жөндеу орталықтарының бірінде бірнеше адам қызметкерлері соққыға жыққан.


Алматыда бір топ адам ТЖО қызметкерлерін ұрып кеткен (видео)

ERNUR.KZ. Қазір полиция күдіктілерді іздестіріп жатыр, деп жазады Stan.kz.

Әлеуметтік желіде қаладағы ТЖО-лардың бірінде түсірілген видео жарияланды. Автордың сөзінше, орталыққа келген азамат пен қызметкер арасында жанжал болған. Кейін ер адам өзімен бірге он шақты адам ертіп кетіп, жұмысшы мен оның серіктесін соққыға жыққан. ТЖО қызметкерлері бас және қабырға жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген.

Полицияда аталған деректің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде Қылмыстық кодекстің 293-бабы бойынша тіркелгенін мәлімдеді. Қазір істі Жетісу ауданы полиция басқармасы тексеріп жатыр.

"Кінәлілерді ұстау және жазаға тарту бойынша шұғыл және арнайы шаралар іске асырылып жатыр", – деді Жетісу ауданы полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Дархан Мұсанов.