Алматыда екі көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті.
Фото: ІІМ
ERNUR.KZ. Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты сағат 04:20 шамасында Әуезов ауданында болған, деп жазады kaz.inform.kz.
“ BMW көлігінің жүргізушісі Сайын көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, жолақты ауыстыратын кезде қатар келе жатқан Chevrolet автокөлігімен соқтығысқан. Соққыдан кейін екпінмен BMW көлігі ағашқа барып соғылды “, - деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі.
Апат салдарынан екі жүргізуші мен BMW көлігіндегі үш жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.
Қазір оқиғаның мән-жайын Әуезов аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.