Алматыда экскаватор 16 жастағы мопед жолаушысын басып өлтірді

0
291

Жасөспірім жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды.


Алматыда экскаватор 16 жастағы мопед жолаушысын басып өлтірді

Фото: Жасанды интеллект

ERNUR.KZ. Алматыда экскаватор мопедте отырған 16 жастағы жасөспірімді қағып өлтірді. Қайғылы жағдайды Алматының полиция департаменті растады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жантүршігерлік жол апаты 24 қазан күні сағат 08:10-да Алатау ауданында болған.

“Алғабас ықшамауданындағы Доспанова көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан 15 жастағы мопед айдаған жасөспірім қатар келе жатқан “Chevrolet” көлігімен соқтығысқан. Қатты соққы салдарынан мопед аударылып қалды. Ал оның жол жиегіне құлаған 16 жастағы жолаушысын экскаватор басып кетті”, – деп мәлімдеді полиция.

Жасөспірім жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты сотқа дейінге тергеу басталды.

Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 743 жол-көлік оқиғасы болып, салдарынан 14 адам қаза тапты.