Алматыда Hayat-Vax вакцинасын салу басталды

0
365

Енді тұрғындар КВИ-ға қарсы үш вакцинаның бірін таңдау мүмкіндігі бар.


Алматыда Hayat-Vax вакцинасын салу басталды

ERNUR.KZ. Қалада Hayat-Vax вакцинасын салдыру басталды. Енді тұрғындар КВИ-ға қарсы үш вакцинаның бірін таңдау мүмкіндігі бар. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады, деп жазады baq.kz.

Басқарма мәліметінше, өткен тәулікте қала бойынша 6 037 адам вакцина салдырған. Ал ақпанның 1-нен бері жалпы вакцина алғандар саны 232 295 адамды құрайды.

25 сәуірден бастап бүгінге дейін 2 723 адам QazVac вакцинасын алды. «Спутник V» вакцинасын 2 компонентін 87 214 алматылық салдырған. Оған қоса қалада Hayat-Vax вакцинациясын салдыру басталды. Енді тұрғындар КВИ-ға қарсы үш вакцинаның бірін таңдау мүмкіндігі бар, - делінген хабарламада.

4 мамыр күні Алматыда коронавирус инфекциясынының 645 жаңа жағдайы тіркелді, оның 553-де симптомдық белгілері бар және 92-і симптомсыз.

Қаланың барлық инфекциялық стационарында 3 475 науқас бар, оның 95-і бала. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 236 науқас бар. 4 830 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 4 240 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомдық белгілері бар және 590 симптомсыз, - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда 211 вакцинация пункті жұмыс істейді, 402 вакцинация бригадасында 1 809 медицина қызметкері жұмылдырылды, 40 көшпелі мобильді бригада іске қосылған.