Алматыда Қайрат Нұртастың концертіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

0
98

Кептелістердің алдын алу мақсатында Абай даңғылы – Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы ішінара шектелуі мүмкін.


Алматыда Қайрат Нұртастың концертіне байланысты қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Фото: Алматы ПД баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Алматы полициясы Орталық стадиондағы концерт алдында қаладағы қауіпсіздік шараларын күшейтті, деп жазады tengrinews.kz.

Алматы ПД баспасөз қызметі мәліметінше, полицейлер қаладағы Орталық стадионда өтетін Қайрат Нұртастың концерті кезінде қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Кептелістердің алдын алу мақсатында Абай даңғылы – Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы ішінара шектелуі мүмкін.

"Қала тұрғындары мен қонақтарынан енгізілген шараларға түсіністікпен қарап, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Азаматтардың қауіпсіздігі – біздің басты басымдығымыз. Қоғамдық тәртіпті сақтап, полиция қызметкерлерінің нұсқауларын орындаңыздар", – деді ПД өкілдері.