Алматыда халықты сауда үйлері мен базарда вакциналау қарастырылуда

0
2 350

Әзірге ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тағайындаған тізім бойынша ғана вакцина салынып жатыр.


Алматыда халықты сауда үйлері мен базарда вакциналау қарастырылуда

ERNUR.KZ. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының өкілі, телемедицинаның директоры Лаура Мырзағали өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте айтты, деп жазады baq.kz.

Оның айтуынша, қалада коронавиурске қарсы вакцина салу жұмысы жалғасып жатыр. Ақпан айында «Спутник V» вакцинасының 1-ші кезеңі бойынша 1750 медицина қызметкері екпе салдырған. Наурыз айында олар қайта вакцинация алған және бәрі сәтті өтіпті.

Вакцинациялаудың екінші кезеңі бойынша 10 800 дозасын алдық, қазір қалада екпе салатын 35 орын жұмыс істеп тұр. Оған қоса тағы 15 кабинетті іске қосқалы отырмыз. Олар жеке медициналық ұйымдарда ашылады. Сондай-ақ сауда үйлері мен базарларда халыққа вакцина салу мәселесін қарастырып жатырмыз,-деді ол.

Әзірге ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тағайындаған тізім бойынша ғана вакцина салынып жатыр. Олар медицина қызметкерлері, мұғалімдер, полиция, студенттер. Ендігі кезекте диспанцерде тіркеуде тұрғандарға салынады.

Сондай-ақ сайтымызда вакцина алғысы келетін мекемелердің өтінішін қабыламақпыз, бұл жеке медициналық ұйымдар, полиция және мұғалімдер. Одан кейін ғана халықты қамтимыз,-дейді Лаура Мырзағали.

Наурыз айында вакцинаның үшінші траншымен 3 200 доза жеткізілген, барлығы 16 200 доза жеткізілу керек. Сәуір айында 65 200 доза, мамырда 65 200 доза, маусым айында 67 000 доза жеткізіледі.