Алматыда киберспортты дамытуға жарты миллиард теңге бөлінді

0
348

Тапсырыс беруші – «Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы».


Алматыда киберспортты дамытуға жарты миллиард теңге бөлінді

ERNUR.KZ. Алматы қаласының Цифрландыру басқармасына үш жыл ішінде бюджеттен 595 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді, деп жазады zakon.kz.

Тапсырыс беруші – «Алматы қаласы Цифрландыру басқармасы». Бюджеттен қаражат конференциялар, семинарлар, форумдар, конкурстар, корпоративтік, спорттық, мәдени, мерекелік және осыған ұқсас іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметтерге бөлінді. Сонымен қатар сипаттамада ақшаның «Almaty Cyber Games 2023-2025» іс-шарасын өткізу қызметтеріне жұмсалатыны көрсетілген.

"Бірінші жылға департамент 227 852 312 теңге, екінші жылға - 192 737 573 теңге, үшінші жылға 174 585 283 теңге кепілге қойып отыр. Жоспарланған сома - 595 175 168 теңге", - делінген мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған лоттың сипаттамасында.

Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі 23 мамырда басталып, 7 маусымда аяқталады.

Бұған дейін «Qazaq Cybersport Federation» үкіметтік емес ұйымының атқарушы директоры Қазбек Жанғазиев Қазақстандағы киберспорттың даму ауқымы туралы айтқан еді.