​Алматыда көлік бағанаға соғылып, жүргізуші мерт болды

0
217

Адам өліміне әкеліп соқтырған жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


​Алматыда көлік бағанаға соғылып, жүргізуші мерт болды


ERNUR.KZ. Алматының Жетісу ауданында көлік электр бағанына соғылып, жүргізуші мерт болды, деп жазады inform.kz.

Алматы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 6 қаңтар сағат 4 -тер шамасында болды.

– Daewoo автокөлігінің жүргізушісі Кудерин көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, рульге ие бола алмай, жолдың шығыс жағына шығып кетіп, жарық бағанасының бетон тірегіне соғылды. Апат салдарынан жүргізуші алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, – деп түсіндірді қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Адам өліміне әкеліп соқтырған жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Осыған дейін Алматы-Бішкек тас жолындағы жол апатынан 3 адам мерт болғаны туралы жазған едік.