Бағдарламаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге жұмсалады.
ERNUR.KZ. Алматыда «Бақытты отбасы» тұрғын үй бағдарламасы бойынша құжат қабылдау басталды, деп жазады ҚазАқпарат.
«Бақытты отбасы» бағдарламасының ресми сайтында бюджеттік ипотеканы алудың барлық шарттары, тапсырылатын құжаттардың тізімі мен өтінім беру жолдары көрсетілген. Бағдарламаға коммуналдық қордан баспанаға мұқтаж көпбалалы отбасылар қатыса алады.
Негізгі шарттары:
- «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-ның қарызы 15 млн теңгеге дейін;
- Алғашқы жарна - үй құнының 10%;
- Несиенің проценттік ставкасы - жылына 2%;
- Баспана жаңа салынған болуы тиіс;
- Өтінішті портал арқылы беруге болады. Ол үшін адамда электрондық цифрлы қолтаңба болуы шарт.
- Баспананы қатысушылар өздері таңдай алады. Мұның алдында Алматы қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасының бөлім басшысы Ермек Әміров көпбалалы отбасылар Алматының қай ауданынан баспана алатынын айтқан болатын.
Бағдарламаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 1 млрд теңге жұмсалады.