Биылғы жылдың 9 айында 14 жасқа дейінгі 3438 баладан коронавирус анықталды.
ERNUR.KZ. Жыл басынан бері Алматыда 14 жасқа дейінгі 3 мыңнан астам бала коронавирус жұқтырды, деп жазады ҚазАқпарат.
Алматы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес, мегаполисте балалар арасында коронавирус инфекциясы өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай артқан.
«Биылғы жылдың 9 айында 14 жасқа дейінгі 3438 баладан коронавирус анықталды. 2020 жылдың осы кезеңінде Алматыда 363 бала ауырған болатын. Балалар арасында жұқтыру едәуір артты», - деп хабарлады басқармадан.
Бұған дейін Алматыда 1 қыркүйектен бері 2960 мектеп оқушысы коронавирус жұқтырғаны туралы жазған болатынбыз.
Қалалық әкімдік таратқан мәліметке сәйкес, коронавирус індеті 263 мектепте тіркелді. Соның ішінде дәстүрлі білім алып жүргендер арасынан 1737 жағдай анықталды.
Айта кетейік, егер сыныпта бір бала ауырса, оқушылар екі апта үй карантинінде болады.