Алматыда көше жиегінде кетіп бара жатқан зейнеткер қайтыс болды

0
429

Қарт кісінің қайтыс болғаны жайлы ақпар әлеуметтік желіде тарады.


Алматыда көше жиегінде кетіп бара жатқан зейнеткер қайтыс болды

ERNUR.KZ. Алматыда қайғылы жағдай. Көше жиегінде кетіп бара жатқан зейнеткер жерге құлап, оқиға орнында көз жұмды, деп жазады exk.kz.

Қарт кісінің қайтыс болғаны жайлы ақпар әлеуметтік желіде тарады. Бейнежазбада оқиғаның қаладағы Мустафин мен Рысқұлбеков көшелерінің қиылысында болғаны жазылған. Көше жиегінде жедел жәрдем көлігі мен полицейлердің тұрғанын байқайсыз. Ал жерде адам денесі жатыр.


Бүгін таңғы сағат 9:10-дар шамасында ер адам қайтыс болды,

Аталған жайтты қалалық полиция департаментінде растады. Онда тұрғынның өз ажалынан өлгенін топшылап отыр. Сараптама тағайындалған. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.