Кінәлі жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
фото: Stefan Schweihofer
ERNUR.KZ. Алматы облысында қыз алып қашқан көлік жол апатына түсті, қыз көз жұмды. Ақпаратты облыстық полиция департаменті таратты, деп жазады sputnik.kz.
Қайғылы оқиға 24 мамырда сағат 18:00 шамасында БАКАД автожолының 36 шақырымында болған.
"Kia көлігінің жүргізушісі Mercedes-Benz көлігімен соқтығысқан. Салдарынан Mercedes-Benz аударылып, ішіндегі бір жолаушы қайтыс болды, жүргізуші және әртүрлі жарақатын алған тағы екі жолаушы ауруханаға жатқызылды", - дейді облыстық полиция департаменті.
Ведомство қайтыс болған қыздың қалыңдық екенін растап отыр. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
"Кінәлі жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта осы факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, болған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда", - дейді полиция.