Ауруханада жатқан жігіт сол күні лифтте бауырларымен бірге болған
ERNUR.KZ. Алматыда лифт шахтасына құлап, ауыр жарақат алған жігіт оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.
№7 аурухананың политравма бөлімінде жатқан жігіт сол жантүршігерлік оқиғаны былайша есіне алды.
Ринат Тоғжанов Алматыға ағасымен бірге әкесін емдетуге Өскеменнен сапарлап келе жатқан. Жолда Талдықорған қаласының тұсында әкесінің жағдайы күрт нашарлаған. Жедел жәрдем шақырған кезде әкесінің жан тапсырғаны белгілі болған. Талдықорғанда 1 күн болған соң ағайындылар әкесінің денесін Алматыға алып келген.
«Біз әкеміздің жаназасына келдік. таңғы 9 шамасында марқұм әкемізді 5 қабаттан лифт арқылы түсірмек болдық. Лифтіге мен, ағам, немере ағам әкеміңіздің денесін көтеріп кірдік. Осы сәтте лифт өзінен өзі 5-4 қабаттардың арасында тоқтап қалды. Есіміз шыққан біз дабылды баса бастадық. Әйтеуір есікті ашқан соң, басқаларының бәрі шығып кетті. Мен шығып бара жатқанда аяғым тайып шахтаға құлап кеттім. Одан арғысы есімде жоқ. Жедел жәрдем көлігінде бірақ есімді жидым», - деді Ринат Тоғжанов.
Ер адам қазір №7 ауруханада политравма бөлімінде ем қабылдап жатыр. Оның 7 қабырғасы, омыртқа сүйектері, жілігі сынып кеткен. Сонымен қатар, көкбауырына зақым келген.
Алматыда лифт шахтасына құлаған азамат жансақтау бөлімінде жатыр