Алматыда мас күзетші оқушы қызды құшақтап, сүйе бастаған: директор жұмыстан қуылды

0
952

Күдіктінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Ол 15 күнге қамауға алынған.


Алматыда мас күзетші оқушы қызды құшақтап, сүйе бастаған: директор жұмыстан қуылды

ERNUR.KZ. Алматыда мас күзетшінің оқушы қызға тиісу фактісінен кейін мектеп директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Тиісті шаралар қолға алынды. Аталған білім беру ұйымының басшысы қызметінен қуылды. Білім басқармасы тарапынан тиісті шара қабылданды, тергеу жүріп жатыр", - деді Бейсембаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз
мәслихатында.Айтуынша, министрлік осындай фактілер туралы естісе, балалардың құқығын қорғау комитеті шұғыл оқиға орнына барып, басқа мемлекеттік органдармен тергеуге қатысады және сол мәселені тұрақты бақылауда ұстайды.
Бұған дейін БАҚ-та Алматыдағы 160 мектепте күзетші 6-сынып оқушысына тиіскені хабарланған болатын. Ер адам оқиға кезінде мас болған. Ол қызды құшақтап, бетінен сүйе бастаған. Абырой болғанда, бала құтылып, қашып үлгерген.
Күзетшінің үстінен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 15 күнге қамауға алынған.