Алматыда медицина қызметкерлерінің жаппай вирус жұқтыру дерегі бойынша тергеу аяқталды

0
771

Оның нәтижесі прокуратураға жолданады.


Алматыда медицина қызметкерлерінің жаппай вирус жұқтыру дерегі бойынша тергеу аяқталды

ERNUR.KZ. Алматыдағы орталық қалалық клиникалық ауруханада медицина қызметкерлерінің жаппай коронавирус жұқтыруы бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның нәтижесі прокуратураға жолданады.

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі өзінің фейсбуктегі парақшасында жазған.

Ол өз орынбасары Людмила Бюрабековаға Алматыға барып, медициналық мекеме басшылығы және қызметкерлерімен кездесуді тапсырды. Жұмыстан уақытша шеттетілген мамандардың жайы да министрдің назарында.