Алматыда мотоцикл мінген адам автобусқа оқ атты

0
483

Жолдағы жанжал салдарынан мопед жүргізушісі пневматикалық тапаншамен автобустың әйнегін атып, оқиға орнынан қашып кеткен.


Алматыда мотоцикл мінген адам автобусқа оқ атты

ERNUR.KZ. Полицейлер қоғамдық көлікке оқ ату фактісін растады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Болжам бойынша, қоғамдық көлік жолын кескендіктен, ер адам оқ жаудырған.

Алматыда полицейлер автобусқа оқ атқан мотоцикл жүргізушісін іздестіріп жатыр, деп хабарлады қалалық полиция департаменті.

"Бұл дерек бүгін таңғы сағат 10:00 шамасында Алматының Түрксіб ауданында орын алды. Жолдағы жанжал салдарынан мопед жүргізушісі пневматикалық тапаншамен автобустың әйнегін атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Ешкім зардап шеккен жоқ. Мотоциклшінің жеке басы анықталды, оны ұстау шаралары жүргізілуде", - деп хабарлады Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.