Түрксіб аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген тексеру барысында ер адамның қолындағы зат тапанша емес, қару пішініндегі оттық екені анықталды.
фото: видеодан скрин
ERNUR.KZ. Әлеуметтік желілерде екі ер адамның арасындағы жанжалдың видеосы тарады. Кадрда олардың бірінің қолында тапаншаға ұқсас зат болған, деп жазады tengrinews.kz.
Түрксіб аудандық ПБ-на қарасты полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген тексеру барысында ер адамның қолындағы зат тапанша емес, қару пішініндегі оттық екені анықталды.
"Ер адам дереу ұсталып, оның әрекеттері ұсақ бұзақылық ретінде бағаланды. Алматы мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен ол әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке қамауға алынды", - делінген хабарламада.