Алматыда пәтер жөндеуге келген жұмысшы 13 жастағы қызды зорлаған: полиция ақпаратты растады

0
405

​Оқиға 20 сәуір күні Алматыдағы «Комфорт сити» тұрғын үй кешенінде болған.


Алматыда пәтер жөндеуге келген жұмысшы 13 жастағы қызды зорлаған: полиция ақпаратты растады

ERNUR.KZ. Алматы қаласының полиция департаменті 13 жастағы қызды деген күдіктіні ұстап, қамауға алды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жантүршігерлік қылмыс туралы ақпарат әлеуметтік желідегі «Алматы және Алматы облысының жаңалықтары» атты пабликте тараған. Дереккөзге сүйенсек, ер адам қызды көп қабатты үйдің паркингінде зорлаған.

«Тараған ақпаратқа сүйенсек, қылмыс 20 сәуір күні «Комфорт сити» тұрғын үй кешенінде болған. Алдын ала болжам бойынша, күдікті пәтерлердің бірін жөндеуге келген жұмысшы. Ал, қыз баланы ол үйдің паркингінде зорлаған. Қазір тұрғындар күдіктіні өз күштерімен іздеп жатыр», - деп жазады паблик.

Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Салтанарт Әзірбектің айтуынша, күдікті қолға түскен.

«Аталмыш дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, сезікті анықталып, уақытша қамау изоляторына қамалды. Қазір қылмыстық іс аясында басқа да мән-жайлар анықталып жатыр», - деп хабарлады Салтанат Әзірбек.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда президент кәмелет жасына толмағандарға зорлық-зомбылық жасағандарды өмір бойына бас бостандығынан айыру туралы заңға қол қойған болатын.