Әлеуметтік желіде әскери форма киген жігіттің жерде қансырап жатқан сәті түсірілген видео тарады.
ERNUR.KZ. Ақпаратты Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі растады, деп жазады inbusiness.kz.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға Алматыдағы Гоголь мен Масанчи көшелерінің қиылысында болған.
Ресми мәлімет бойынша, 2025 жылғы 4 қазанда 5571 әскери бөлімінде мерзімді қызметтегі сарбаз 3-қабаттан секіріп кеткен.
Ол Алматы шұғыл медициналық жәрдем ауруханасына жеткізіліп, қажетті көмек көрсетіліп жатыр.
“ Дәрігерлер оған "бейімделу бұзылысы" диагнозын қойды. Сарбаз әскерге шақырылмас бұрын жақын туысынан айырылған және әскери-дәрігерлік комиссияның шешімін күтіп жүрген. Комиссия оның әскери қызметті жалғастыруға жарамдылығын анықтауға тиіс болған , – делінген ресми жауапта.
Ұлттық ұланның "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі сонымен бірге бейнебақылау камераларының жазбаларынан оқиғаға өзге адамдардың қатысы жоқ екенін мәлімдеді. Қазір қызметтік тексеріс тағайындалып, мән-жай анықталып жатыр.