Жол-көлік оқиғасы 21 қаңтарда таңғы уақытта болған.
ERNUR.KZ. Алматыда жаппай жол-көлік оқиғасы болды. Сайын мен Жандосов көшелерінің қиылысыда сегіз автокөлік соқтығысты, деп жазады Тengrinews.kz.
Куәгерлердің айтуынша, жол-көлік оқиғасы 21 қаңтарда таңғы уақытта болған. Mercedes GL автокөлік солтүстік бағытта кетіп бара жатқан. Алдын ала болжам бойынша, оның денсаулығы нашарлаған.
Соның салдарынан Mercedes бар жылдамдығымен Toyota Spacio көлігін соққан. Соққы салдарынан жапондық көлік Lada Largus көлігін соққан.