Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2,6 есе төмендеді: эпидемиологиялық жағдай тұрақты

0
346

​Коронавирус инфекциясы (КВИ) бойынша эпидемиологиялық жағдайға мониторинг жүргізу жалғасуда.


Қазақстанда коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2,6 есе төмендеді: эпидемиологиялық жағдай тұрақты

ERNUR.KZ. Қазір елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. 2026 жылдың басынан бері КВИ-дің 381 жағдайы тіркелді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,6 есе аз. Өлім-жітім жағдайлары тіркелген жоқ. ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді.

Соңғы мониторинг деректеріне сәйкес, Қазақстанда «Стратус» деген атпен белгілі XFG коронавирус нұсқасы басым. Зерттелген үлгілердің 68,7%-ында оның RV.1.1 қосалқы желісі, 25%-ында XFG.3 желісі анықталды. Ал үлгілердің 6,3%-ында JN.1 және RF.5.3 желілері айқындалған.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бағалауынша, бұл нұсқалар Омикронның басқа варианттарымен салыстырғанда халық денсаулығына қосымша қауіп төндірмейді. Вирустың таралуына мониторинг жүргізу жалғасуда», - деді С.Бейсенова.