Біржан Кәрібжанов сот отырысынан кейін есінен танып қалған.
ERNUR.KZ. Алматы қалалық сотының судьясы Біржан Кәрібжанов көз жұмды, деп жазады sputnik.kz.
Қаралы хабарды жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Елдос Жұмақсанов әлеуметтік желідегі парақшасында жеткізді.
"Бүгін кешке сот отырысынан шыққаннан кейін досым және әріптесім Алматы қаласының судьясы Біржан Кәрібжанов есінен танып қалды. Өкінішке орай, дәрігерлер оны құтқара алмады. Иманды болсын. Қазір не сезініп тұрғанымды сөзбен айтып жеткізі алмаймын. Ол небәрі 50 жаста болатын", – деп жазды Жұмақанов.