Алматыда тағы бір автобус апаты болды: қаза тапқандар бар

0
442

Toyota жүргізушісі Талғар тасжолымен батыс бағытта келе жатып, қарсы бағытқа шығып кеткен.


Алматыда тағы бір автобус апаты болды: қаза тапқандар бар

ERNUR.KZ. Алматының Медеу ауданында 18 шілдеге қараған түні автобус жол апатына ұшырады. Екі адам қайтыс болды, деп жазады tengrinews.kz.

Жергілікті полиция қызметі мәліметінше, Toyota жүргізушісі Талғар тасжолымен батыс бағытта келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетіп, жеке тасымалдаушыға тиесілі автобуспен соқтығысқан.

Апат салдарынан Toyota көлігіндегі екі жолаушы қаза тапқан.

"Екі адамның өліміне әкеп соққан ЖКО дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.