Ағасы мен қарындасының ісі: Майқайыңда ауыл адамы зорлаған қыз жүкті болып шықты

0
170

​Жәбір көрген балалардың әкесі биыл дүниеден өткен.


Ағасы мен қарындасының ісі: Майқайыңда ауыл адамы зорлаған қыз жүкті болып шықты

Фото: freepik

ERNUR.KZ. Павлодар облысы Баянауыл ауданының Майқайың кентінде ағасы мен қарындасын сол ауылдың адамдары зорлаған. Кәмелетке толмаған қыз жүкті болып қалды. Бұл туралы Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина мәлімдеді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Зорланған балалар – 2008 жылғы ұл және 2009 жылғы қыз бала.

Айтқазинаның айтуынша, бірінші факті осы жылдың қыркүйегінде анықталған. Кәмелетке толмаған қыздың көңіл-күйіндегі, мінез-құлқындағы өзгерістерді колледж мұғалімдері байқаған.

«Майқайың кентінде екі мектеп бар. 2009 жылғы студент қызымыз солардың бірінде оқыған. Мектепте оқыған кезде жоғары сыныптарда медициналық тексеріс болатын. Сол тексерістер кезінде қызда бәрі дұрыс болған. Бірақ осы қыркүйек айында мұғалімдер қыз баланың қобалжып, көп ауыратынын, селқос қарайтынын байқап, дәрігерге жүгінуді жөн көрген. Сол кезде студент бала жүкті болғаны анықталды», - дейді Айтқазина брифингте.

Кейін тергеу барысында 20 қарашада сол отбасындағы 2008 жылғы ұл да зорлық көргені анықталған.

Жәбір көрген екі жасөспірім толық емес отбасыда тәрбиеленеді, әкелері биыл дүниеден өткен.

Ағайынды балаларды зорлады деген күдікпен екі адам ұсталып, қамалды. Күдіктілер сол ауылдардың тұрғындары болып шыққан.