Алматыда тұрғын үйдің 8-қабатынан аяғы ауыр келіншек секіріп кетті

0
648

Тұрғын үй кешеніндегі әлеуметтік мессенджерде келіншектің 2000 жылы туылғаны айтылуда.


Алматыда тұрғын үйдің 8-қабатынан аяғы ауыр келіншек секіріп кетті

ERNUR.KZ. Алматыдағы "Алма сити" тұрғын үй кешенінде аяғы ауыр келіншек суицид жасады. Ол үйдің 8-ші қабатынан секіріп кеткен, деп жазады exk.kz.

Куәгерлердің айтуынша, келіншектің мұндай қадамға баруына жанұялық жанжал себеп болған. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тіпті түнімен полиция қызметкерлері сол пәтердің жанындағы көршілердің есігін қағыпты.

Тұрғын үй кешеніндегі әлеуметтік мессенджерде келіншектің 2000 жылы туылғаны айтылуда. Тіпті оқиғаның бейнежазбасы да тарап кетті. Онда белгісіз ер адамның өкініштен айғайлап тұрғанын естисіз.



Онда оқиғаның себептері анықталып жатқанын айтты.

"Наурызбай аудандық полиция Басқармасымен қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлаймыз. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның себебі мен басқа да мән-жайлары анықталуда", деді қалалық полиция басқармасында.