Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.
ERNUR.KZ. Түнде Алматының Алатау ауданында үлкен қойма өртке оранды, деп жазады Ulysmedia.kz.
Жалын ғимараттың қасбетінен шыққан. Өртті сөндіруге бірнеше сағат кетті.
Қойма ішіндегі пластикалық бұйымдардың тығыз жүктелгендіктен және түтіннің қоюлығы өртті сөндіруге кедергі келтірді. Дегенмен өрт 400 шаршы метр алаңда оқшауланды, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Кейін ТЖМ жалынның толық сөндірілгенін хабарлады.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.