Бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен өтті.
ERNUR.KZ. Алматы қаласы Шұғыла шағын ауданында заңсыз салынған таунхаус сүрілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Қала құрылысын бақылау басқармасының хабарлауынша, нысан Жүнісов көшесі, 135/20 учаскесінде орналасқан.
«Тұрғындардың өтініші негізінде меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру барысында таунхаустың рұқсат беру құжаттарының толық пакетінсіз, шаруашылық тәсілмен тұрғызылғаны анықталды. Тексеру нәтижелері бойынша ұйғарым беру арқылы әкімшілік шаралар қабылданды. Оны меншік иесі өз кезегінде орындамады. Басқарма Наурызбай аудандық сотына нысанды бұзуға талап арыз берді. 2024 жылғы 2 ақпанда басқарманың талап-арыздары қанағаттандырылды», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Бұзу Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен өтті.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың басынан бері 41 заңсыз нысан толығымен немесе ішінара бұзылған.