Алматыда жас қыз жетінші қабаттың балконынан құлап, қаза тапты

0
174

Оқиға Молдағұлова көшесінде болған


Алматыда жас қыз жетінші қабаттың балконынан құлап, қаза тапты

Фото: скриншот

ERNUR.KZ. Алматыдағы Молдағұлова көшесінде қайғылы оқиға болды: алдын ала таралған ақпаратқа сенсек, 29 жастағы қыз жетінші қабаттың балконынан құлап қаза тапқан, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Марқұмның денесін үйдің шетінде жатқан жерінен тұрғындар тауып алған. Қазір оқиға орнына полиция мен тергеу тобы жеткен. Олар аумақты қоршап, зерттеп жатыр. Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі редакциямызға оқиғаны растап, комментарий берді.

«29 жастағы қыздың қазасына байланысты Алматы қаласы Алматы ауданының полициясы қылмыстық іс қозғады. Істің мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады полиция.

Тергеу қыздың нақты қандай себептен қаза тапқанын ресми түрде хабарлаған жоқ.