25 жасар Сәбинаның артында екі баласы қалды.
ERNUR.KZ. Алматы облысында бір апта бұрын жоғалып кеткен Сәбина Әбдуәлиеваның денесі таудан табылды. Оны өлтірді деген күдікпен екі азамат ұсталды. Ең басты күдікті – Қаскелеңдегі тату салонының 22 жасар қызметкері, деп жазады Zakon.kz.
"25 жастағы Сәбина Әбдуәлиева 24 қыркүйек күні таңертеңгі уақытта көлігімен үйден шыққаннан қайтып оралмаған. Уайымдаған туыстары тез арада полицияға шағым түсіріпті. Ең алдымен6 құзырлы орган өкілдері Әйтей ауылы маңынан келіншектің өртенген көлігін тапқан. Сөйтіп, жедел-іздестіру барысында қолға түсірген екі күдікті қыздың мәйітін көмген жерін көрсеткен. Қазір туыстары болған жайға ештеңе айтқылары келмей отыр.Үйіне іздеп барған тілшілерге есігін ашпады. Ал көршілері бар білгенін айтып жатыр", - дейді КТК телеарнасының тілшісі.
Сәбинаның артында екі баласы қалды. Десе де, ұсталғандардың мұндай қылмысқа баруына не себеп болғаны әзірге жұмбақ. Күдікті жертөледегі тату салонында істеген. Полицейлердің айтуынша, Сәбинаны дәл осы жерде өлтірген болса керек. Бүгінде есігі жабулы тұр.
Мұндағылар салонның бір апта бұрын ғана жұмысын тоқтатқанын айтады. Қазір екі күдікті де қамауда. Болған оқиғаға қатысты сот сараптамасы жасалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Оқиғаның толық мән-жайы тергеу барысында мәлім болады.