ERNUR.KZ. Биыл қазан айының соңында жоғалып кеткен Алматы тұрғынының денесі табылды, деп жазады kaz.inform.kz.
Lider.kz ұйымының мәліметінше,1994 жылы туған Әйгерім Супатаева 26 қазан күні жоғалып кеткен. Кешкі сағат 21:00-де Медеу ауданы, Шевченко көшесі, 15А үй мекенжайындағы үйінен шығып кетіп, сол күйі оралмаған.
Алматы қалалық полиция департаменті, 30 қазан күні Алмалы ауданындағы үйлердің бірінен зорлық-зомбылық белгілері жоқ Әйгерім Супатаеваның денесі табылғанын хабарлады.
«Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, өлімге жүрек ауруы себеп болған», - деп атап өтті Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.