Алматыда жол-көлік оқиғасынан троллейбус жүргізушісі көз жұмды

0
510

Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.


Алматыда жол-көлік оқиғасынан троллейбус жүргізушісі көз жұмды

ERNUR.KZ. Алматы қаласының Әуезов ауданында жол-көлік оқиғасынан троллейбус жүргізушісі қайтыс болды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«20 қаңтар күні сағат 07:10-да Kia автокөлігінің жүргізушісі - 1998 жылы туған Ж. есімді азамат Шаляпин көшесінің бойымен батыс бағытта келе жатып, көшенің жүріс бөлігінде тұрған троллейбустың жүргізушісі - К. есімді азаматты қағып кетті. Апат салдарынан ол оқиға орнында қайтыс болды. Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген», - деді Алматы қалалық ПД анықтау Басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

Сараптама тағайындалды. Апаттың мән-жайы анықталып жатыр.