Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам жарақат алған, оның ішінде екі бала ауруханаға жеткізілді.
ERNUR.KZ. Алматыдағы Алатау ауданында ірі жол апаты болды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Оқиға куәгерлері мен қатысушыларының айтуынша, Volvo жүк көлігі кептелісте тұрған авткөліктерге соғылды.
Volvo жүк көлігінің жүргізушісі артқы айнаға алаңдап қалған.
Ең алдымен ол жылдамдықпен Lexus-тың артынан соғып, жаппай жол апатына себеп болады. Жеңіл автокөлік өз кезегінде Toyota Surf-ті, ол алдында тұрған Nissan Almera-ға соғылды.
Жол апаты салдарынан алты адам зардап шекті, оның ішінде екі бала бар.
Атап айтсақ, Lexus RX 300 көлігіндегі бес адам: жүргізуші мен жолаушылар, оның ішінде 10 жасар бала. Сондай-ақ Nissan Almera-ның жолаушысы - төрт жасар қыз.
Алтауы да түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.