Алматыдағы атақты базар мемлекетке қайтарылады

0
568

Шілдеде мәмілені бұзу және нысанды мемлекетке қайтару туралы талап-арыз қозғалған.


Алматыдағы атақты базар мемлекетке қайтарылады

ERNUR.KZ. Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия Алматыдағы ірі көтерме сауда базары мемлекетке қайтарылуы мүмкін екенін айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"Алматыда олигополиялардың бірінің ірі көтерме сауда нарығындағы ("Барыс-4") үлесін 5 есе төмен бағамен (нарықтық құны - 1,5 миллирад теңге, 307 миллион теңгеге сатылған) сату анықталды. Шілдеде мәмілені бұзу және нысанды мемлекетке қайтару туралы талап-арыз қозғалды", - деді комиссия өкілдері.