Тоқаевтың портреті мен елорданың көрнекі орындарының суретін маман өз қолымен салыпты.
ERNUR.KZ. Алматылық маникюр маманы Instagram желісіндегі оқырмандарын ерекше жұмысымен қуантты. Ол Қазақстанның туы мен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың портреті бейнеленген патриоттық маникюр жасаған деп жазады kaz.nur.kz.
Көпті креативпен таңғалдырған ару екінші қолына Бәйтерек пен Хат-Шатырдың суретін салып, Нұр-Сұлтан сөзін алтын жазумен жазған.
Тоқаевтың портреті мен елорданың көрнекі орындарының суретін маман өз қолымен салыпты.
"Нұр-Сұлтандықтарға жалынды сәлем жолдаймын", - деп жазған бойжеткен.
"Зергерлік жұмыс", "Мұндай маникюр жасау үшін Нұр-Сұлтанды қатты жақсы көру керек", "Президент қатты ұқсайды-жарайсың", - деп жазған желі қолданушылары.