Алматылық бағдарламашы ойлап тапқан онлайн сөздікке сұраныс жоғары

0
1 112

Қазір sozdik.kz сайтына күніне 50 мыңнан астам адам кіреді.


Алматылық бағдарламашы ойлап тапқан онлайн сөздікке сұраныс жоғары

ERNUR.KZ. Бұл сайттың аты көрерменге жақсы таныс болса да идея авторын көпшілік біле бермейді, деп хабарлайды 24.kz.

Осыдан 20 жыл бұрын алматылық бағдарламашы Евгений Чуриков қазақ тілінің электронды сөздігін әзірлеуді бастайды. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы өзінің сайтын жыл санап жетілдіріп келеді. Оның айтуынша, қазір sozdik.kz сайтына күніне 50 мыңнан астам адам кіреді. Евгений өзінің достарымен бірге iOS және Android-қа арналған мобильді қосымшалар ойлап тапқан. Мысалы, аталған қосымшаны тек Android платформасы арқылы 100 мыңнан астам адам жүктеп алған. Сондай-ақ мессенджерден шықпай, сөзді аударуға мүмкіндік беретін Telegram-бот құрды.

Евгений Чуриков, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы:

- Біз латын графикасына көшу жайын да ескердік. Қазіргі таңда sozdik.kz-ке латын әріптерімен жазылған қазақша сөздерді терсеңіз бірден орыс тіліне және керісінше аударып береді. Алға қойған жоспарым көп. Болашақта электронды сөздікке ағылшын тілін де қоссам деген арманым бар.