Алматылық ұстаз "Ninety one" тобынан балаларының жақсы тәрбие алып жатқанын айтты

0
2 586

Алматылық ұстазға 91 тобының ерекше образдары мен әндері ұнайды


Алматылық ұстаз

ERNUR.KZ. Үш жылдық мерейтойын дүркіретіп атап өткен "Ninety one"тобын жасөспірім қыздар ғана емес, мектеп мұғалімдері де тыңдайтын болып шықты. Оған қоса, ұстаздар атышулы топтың арқасында балалардың қазақ тілін біліп, жақсы тәрбие алып жатқанын алға тарта өз алғысын жаудырды деп жазады NUR.KZ.

Өз туған күніне байланысты Қазақстанның 16 қаласында концерт беріп, үш жылын тойлаған топ ең басты салтанатты шашарсын Алматы қаласында өткізді. Бұл ауқымды мерекелік концертке отандық жұлдыздар мен жас жанкүйерлермен қатар, "иглздардың" ата-аналары да еріп келген.

Аталмыш топтың үлкен мерекелік салтанатына қызымен бірге келген ана, оларға өз алғасын білдірген. Айтуынша, мектеп мұғалімінің қызы "Ninety one" арқасында қазақ тілін біліп қана қоймай, жақсы тәрбие алып жатыр.

"Ninety one тобы алғаш шыға салған күннен бастап біз үшін қызық әрі жұмбаққа толы болды. Олардың образдары мен әндері ерекше ұнайды. Жігіттер алдыларына қойған мақсаттарына жете біледі және продюсерлері де тамаша адам. Оларды көп уақыттан бері білеміз", — деді әйел адам.

Анықталғандай, Алматыдағы №34 мектепте ұстаз болып қызмет ететін келіншек те бұл топтың жанкүйері болып шықты. Ол тіпті, көптің сынына ұшыраған "Ninety one"-ның барлық концерттеріне қатысып көрген.

"Менің қызым бұл топқа жанкүйер болуға өзге жастарды да шақырды. Яғни өзімізді eaglez-дар қатарына жатқызамыз. Бұл топқа қатысатын барлық шарадан қалмаймыз. Өзім №34 мектеп-гимназияда жұмыс істеймін.
Ninety one әндерінің арқасында балам қазақ тілін біледі. Сондай-ақ, жігіттердің арқасында қызымның шығармашылығы өте жақсы дамуда. Себебі, суреттері осы топ жігіттеріне арналған. Көптен бері сурет салып, оларға шетінен сыйлап жатырмыз. Бірге апарып берген күндеріміз де болды. Бүгін де әрбір әншіге арнайы сыйлығымыз бар. ", — деді ұстаз.