Камалжан Надыров осы жылдың маусым айынан бастап Алматының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымында болды.
ERNUR.KZ. Камалжан Надыров Алматының бас дәрігері қызметінен кетті, - деп жазады Tengrinews.kz.
"Камалжан Надыров ағымдағы жылдың маусым айынан бастап Алматының қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы лауазымында болды. Өзінің жеке өтініші бойынша К. Надыров бұл қызметтен босатылды", - делінген хабарламада.
Надыров 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. С. Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттік медициналық университетін, Тұран университетін, Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары мектебін тәмамдаған.
2007–2014 жылдары Б.О. Жарбосынов атындағы Урология ғылыми орталығында клиникалық ординатор, бөлім меңгерушісі, бас директордың орынбасары қызметтерін атқарған.