Алтын арзандауы мүмкін - сарапшы

0
504

Алдағы уақытта баға 1600 долларға дейін төмендеуі ықтимал.


Алтын арзандауы мүмкін - сарапшы

ERNUR.KZ. Сарапшылар алтын инвесторларын сақ болуға шақырады. Өйткені әлемдегі бағалы металл құны құлдырауы мүмкін, деп хабарлайды Хабар24.

Global Wealth Management өкілдері жыл басында алтынның бір унциясы 1900 доллар болса, қазір 1770 долларға түскенін айтады. Алдағы уақытта баға 1600 долларға дейін төмендеуі ықтимал.

Сарапшылар тәуекелдің алдын алуға әрекет жасау керек дейді. Тіпті алтын активтерінен бас тартып, нарықтан кетуге үндеп жатқандар бар. Ал Goldman Sachs жыл аяғына қарай алтын унциясы 2 мың долларға сатылуы мүмкін деп отыр. Бұл, әрине, болжамдар.

Осы аптада федералды резервтік жүйе отырысы өтеді. Яғни инвесторлар мәселені жан-жақты саралап көреді. Әзірге ең тиімді бағалы металл ретінде платина бағаланып отыр.