Анипа Назарбаеваға тиесілі компания жүкті заңсыз тасымалдағаны анықталды

0
614

Аталған компания Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған әпкесіне тиесілі.


Анипа Назарбаеваға тиесілі компания жүкті заңсыз тасымалдағаны анықталды

ERNUR.KZ. Бас прокуратура Group Of The Companies Tda компаниясының жүгін тексеру барысында декларацияланбаған 287 млн теңгенің тауарларын анықтады, деп жазады inbusiness.kz.

Аталған компания Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған әпкесіне тиесілі.

"Group Of the Companies Tda ЖШС жүгін тексеру кезінде 287 млн теңгенің декларацияланбаған тауарлары табылды. Компания директоры қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

Мемлекеттік мүлік тізілімінің дерегінше, Group Of the Companies Tda компаниясының құрылтайшылары Анипа Назарбаева (Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әпкесі) мен Әли Қылышбаевқа тиесілі.

Айта кетейік, осыған дейін Бас прокуратура кедендегі заңсыздықтардан мемлекетке 165 млрд теңге шығын келгенін хабарлаған.