Антисептиктен улану: Павлодардағы арнайы интернаттың директоры жұмыстан босатылды

0
2 563

Директордың орнына конкурс жарияланады.


Антисептиктен улану: Павлодардағы арнайы интернаттың директоры жұмыстан босатылды

ERNUR.KZ. Үш жасөспірім антисептиктен уланып, біреуі көз жұмған Павлодардағы арнайы интернаттың директоры жұмыстан босатылды, деп жазады Stan.kz.

Өңірлік білім басқармасының мәліметінше, Павлодардағы арнайы интернат директоры лауазымына конкурс жарияланады.

"2021 жылы 12 ақпанда "Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығын" басқарған Николай Қожахметов өз еркімен қызметінен босатылды. Директордың орнына конкурс жарияланады. Жаңа қызметкерлерді қабылдадық, тек күзетшіге бос орын бар", - деді ведомствода.

Еске салайық, Павлодардағы орталықта үш тәрбиеленуші антисептикпен уланған, олардың бірі қаза болған. Қыздар суда сұйылтылған антисептик ішкен.
Қайғылы жағдайдан кейін орталықта тексеру жүргізілді. Оның нәтижелері бойынша орталық басшысының орынбасарына, тәрбиешіге, медбикеге қатаң сөгіс жарияланды. Білім басқармасы басшысының айтуынша, медбике, екі көмекші, тәрбиеші және күзетші өз еркімен жұмыстан кеткен. Орталық директоры отставкаға кету туралы өтініш берген.