Аптап ыстық болады - алдағы күндерге ауа райы болжамы шықты

0
439

Ауа температурасы 40 градусқа дейін көтеріледі.


Аптап ыстық болады - алдағы күндерге ауа райы болжамы шықты

"Қазгидромет" орталығы синоптиктері 15-17 маусымға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Метеорологтар мәліметі бойынша, атмосфералық фронтал бөліктер әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жел күшейеді. Оңтүстіктегі жекелеген аудандарда құмды дауыл болады.
"Батыста, солтүстік-батыста күндіз 30-40 градусқа дейін, солтүстікте - 30-35 градусқа дейін, орталық, шығыс және оңтүстік-шығыста - 25-38 градусқа дейін, оңтүстікте - 35-40 градусқа дейін ауа температурасы көтеріледі деп күтіледі", - делінген хабарламада.