Аралас неке - 18,2%: қай өңірде отбасын жиі құрады

0
180

Алғашқы некеге тұрудың орташа жасы ерлерде – 27,9 жас, әйелдерде – 25,2 жас.


Аралас неке - 18,2%: қай өңірде отбасын жиі құрады

ERNUR.KZ. Өткен жылы Қазақстанда 123,6 мың неке тіркелді. 1000 адамға шаққандағы жалпы некелесу коэффициенті – 6,13, деп жазады sputnik.kz.

Некенің ең жоғары коэффициенті:
Астана – 7,34;
Алматы облысы – 6,98;
Ұлытау облысы – 6,70.
Ең азы - Батыс Қазақстан облысында, көрсеткіш - 5,58.
Өткен жылы үйленгендердің басым бөлігі 20-24 жас аралығында болған, ал алғашқы некеге тұрудың орташа жасы ерлерде – 27,9 жас, әйелдерде – 25,2 жас болды.
Жалпы қиылған некенің 18,2%-і – аралас неке.
Некеге тұрған қыздардың 41%-і - жоғары білімді, ерлердің 38%-нің жоғары білімі бар.
Айлар бөлінісінде:
ең көп - шілде айында 13 739;
ең азы – мамырда 8453 неке тіркелген.