Арыс қаласында төрт әскери қызметші жараланды

0
945

Барлығы әскери бортпен Алматы қаласындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталіне жеткізілген.


Арыс қаласында төрт әскери қызметші жараланды

13 қыркүйекте Арыс қаласында әскери қызметшілер қойма аумағын оқ-дәрілер фрагменттерінен тазарту жөніндегі жоспарлы жұмыстарды орындау кезінде жарылыс болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде, төтенше жағдай салдарларын жою жұмысын орындау кезінде келісімшарт қызметінің 4 әскери қызметшісі жарақат алды. Олардың барлығы әскери бортпен Алматы қаласындағы ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери клиникалық госпиталіне жеткізілген.


"Осы факті бойынша әскери полиция тексеру жүргізуде.
Бейбіт тұрғындардың қауіпсіздігіне ешқандай қатер төнбейді, жағдай бақылауға алынды. Қала аумағын және оқ-дәрілерді сақтау объектілеріне іргелес аумақтар тазартылғаннан кейін оқ-дәрілер фрагменттерінің негізгі бөлігі бөлім аумағында тұрғанын және бейбіт тұрғындарға ешқандай қатер төндірмейтінін естеріңізге саламыз. Әскери қызметшілердің әскери бөлім ішінде оқ-дәрілер фрагменттерін жинау және жою жұмысына белгілі бір уақыт талап етіледі. Осыған байланысты, Қорғаныс министрлігі тек ресми дереккөздерге сенуді және расталмаған ақпарат таратпауды сұрайды" - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Қорғаныс министрлігі күдікті заттар табылған кезде дереу 102 нөміріне хабарласып, өз бетімен ешқандай әрекет жасамау қажет екенін еске салады.