​Арыстағы жарылыс: Зардап шеккен саперлердің үшеуі ауыр халде жатыр

0
807

Жарылыстан 10 сапер-әскери қызметкер жараланған еді.


​Арыстағы жарылыс: Зардап шеккен саперлердің үшеуі ауыр халде жатыр

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Арыс қаласының маңында оқ-дәрілердің жарылу салдарынан зардап шеккендердің арасында үшеуі ауыр халде жатыр. Бұл туралы қорғаныс министрі Ерлан Ермекбаев айтты, - деп жазады Tengrinews.kz.

"21 қыркүйекте зардап шеккен әсерилер жедел түрде госпитальға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Үшеуінің жағдайы ауыр, біреуінің жағдайы - орташа деңгейдегі ауыр және тағы біреуінің жағдайы - қанағаттанарлық. Олар таяуда қатарға қосылады деген үміттеміз", - деді Ермекбаев үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде.

"Қазіргі уақытта нағыз жауапты сәт, Арыстағы төтенше жағдайдың салдарын тазарту бойынша өте қиын әрі тәуекелге баратын кезең болып тұр. Әскерилер әскери бөлім аумағын толық тазартып, залалсыздандырды. Яғни, қалаға, тұрғындарға еш қауып жоқ. Тәуекелге баратындай ештеңе жоқ. Негізгі жұмыстар әскери бөлімде, қойманың ішінде басталды және онда жарылмай қалған қалдықтарды тазарпту жұмыстары жүріп жатыр", - деді министр.

Оның айтуынша, қажетті шаралар қолданылып жатыр, алайда кей жағдайда әр түрлі себептермен мұндай оқиғалар залалсыздандыру кезінде болып тұрады.

Айта кетейік, қыркүйектің 21-і күні Арыс қаласынан 60 шақырым жерде жарылыс болған еді. Онда 10 сапер-әскери қызметкер жараланғаны хабарланған болатын.