Әлеуметтік желіде бұған дейін экс-министрдің үйін, оның туыстарының дүние-мүлкін және ол қызмет ететін Ұлттық музейді Антикор тексеріп жатыр деген ақпарат тараған болатын.
ERNUR.KZ. Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы өз-өзіне қол салды деген ақпарат ғаламторда қызу талқыланып жатыр, деп жазады exk.kz.
Айдар Қырықбай Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты айтылып жатқан әңгімені расқа да, жоққа да шығармады. Ол экс-министрмен хабарласа алмай отырғанын ғана айтып, қысқа қайырды.
"Суицид жасағаны, жасамағанын анық білмеймін. Өзімен хабарласа алмай отырмын", - деді Айдар Қырықбай.
Экспресс К порталы экс-министрдің телефоны сөндірулі тұрғанын жазады.
Әлеуметтік желіде бұған дейін экс-министрдің үйін, оның туыстарының дүние-мүлкін және ол қызмет ететін Ұлттық музейді Антикор тексеріп жатыр деген ақпарат тараған болатын. Онда "Алтын адамның әлем мұражайларындағы шеруі" көрмесіне жұмсалған шығындар туралы айтылады. Арыстанбек Мұхамедиұлы 2019 жылдан бері ҚР Ұлттық музейінің директоры қызметінде.