Әсел Айтпаеваның өлімі: адвокат істің мән-жайын баяндады

0
598

Грузияда қайтыс болған қазақстандық Әсел Айтпаеваның туыстарының адвокаты Ербол Қанафин істің мән-жайын айтты.


Әсел Айтпаеваның өлімі: адвокат істің мән-жайын баяндады

Жәбірленуші тараптың адвокаты іс бойынша күдікті қазақстандық азаматтың тергеу амалдары аяқталғанша тергеу изоляторында болуына қол жеткізуді көздеп отыр, деп жазады ERNUR.KZ КТК арнасына сілтеме жасап.

Грузияда қайтыс болған қазақстандық Әсел Айтпаеваның туыстарының адвокаты Ербол Қанафин істің мән-жайын айтты. Айта кетейік, Тбилисиде қазақстандықтың өліміне байланысты іс бойынша Грузия азаматы мен қазақстандық Мұрат Мейірбеков (Әсел Айтбаеваның туысы) ұсталды.

Айсұлу Айтпаеваның адвокаты Ербол Қанафин ұсталған қазақстандықтың қамауға алыну уақыты 10 тәулікке дейін ұзартылғанын хабарлады.

"Біздің мақсат – күдіктінің сотқа дейінгі тергеу кезінде тергеу изоляторында болуына қол жеткізу. Себебі халықаралық байланысы мен қаражаты бар адам үй қамағында отырса да Қазақстаннан жасырынуға әрекеттенеді деп қорқамыз", - деп атап өтті адвокат.

Мейірбековті экстрадициялау қаупі жоқ. Конституция өз азаматтарын басқа елге беруге тыйым салған, сондай-ақ Грузиямен арада мұндай келісім жоқ. Сол себепті Мейірбековтың кінәсі дәлелденсе, ол жазасын қазақстандық заң негізінде өтейді.