​АШМ 81 тонна ресейлік банан өнімдерін өткізбеді

0
1 010

Жүктер Ресей Федерациясына еліне кері қайтарылып, сонымен қатар кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды


​АШМ 81 тонна ресейлік банан өнімдерін өткізбеді

иллюстрациялық фото: ашықдереккөзден

ҚР АШМ инспекторлары ресейлік 81 тонна банан өнімдерін өткізбеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылдың алғашқы аптасында Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстық аумақтық өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Ресей Федерациясынан ел аумағына қауіпі жоғары өнімдерді заңсыз алып кірудің 8 жағдайын анықтаған.
Көрші Ресей елінен фитосанитариялық сертификаттары болмаған 81 тонна банан, 37 тонна картоп және 20 тонна сәбіз өнімдері, сондай-ақ қаптамасында таңбасы болмаған 3 тонна бидай тұқымдары кіргізілмек болған.
Өсімдіктер карантині саласындағы заңнамалардың талаптарына сәйкес аталған өнімдер Қазақстан Республикасы аумағына тасымалдауға тиым салынған. Жүктер Ресей Федерациясына еліне кері қайтарылып, сонымен қатар кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.